18.11.2022, 9:30
Оқылды: 75

Қазақстанда министрлер қанша жалақы алады

 ҚР Парламенті Сенаты отырысында Қаржы министрі - Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

03316a7e932445b29e6ea9d111761126

Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.

"Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. 500-600 мың теңге ең аз деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты және 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді", - деді Ерұлан Жамаубаев.

  Премьер-министрден оның қанша жалақы алатыны да сұралды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов рұқсат берсе, келесі жолы соманы жариялайтынын айтты.
«Әлихан Асханұлы рұқсат етсе, айтамын... Дәл қазір нақты айта алмаймын», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале