6.11.2026, 22:00
Оқылды: 16

Қазақстанда он айда 12,1 млн тонна астық тасымалданды

Биылғы жылдың 10 айында теміржол көлігімен 12,1 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

IMG_20261106_190017_349_edit_23868089218758

Фото: kolikpress

Есепті кезеңде экспорттық тасымал көлемі 9,4 млн тоннаға жетіп, 11%-ға өскен.

​Экспорттың негізгі үлесі Орталық Азия елдеріне тиесілі – 6,2 млн тонна. Атап айтқанда, Өзбекстанға 4,6 млн тонна, Тәжікстанға 1,3 млн тонна, ал Қытайға 935 мың тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар Ауғанстанға тасымал көлемі 3,4 есеге артып, 855 мың тоннаны құрады.

​Үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін елде 16,9 мың астық тасығыш, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив жұмылдырылған. Жаңа егін астығын уақтылы жеткізу мақсатында Көлік министрлігі теміржол тасымалдарын үйлестіретін арнайы Астық штабын құрды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале