31.03.2026, 12:45
Оқылды: 71

Қазақстанда пилотсыз автомобильдер жобасы іске қосылады – ЖИЦДМ

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Waymo One Jaguar driverless autonomous car equipped with lidar sensors and cameras drives on a multi-lane city road. Front side view. Selective focus - San Francisco, California, USA - March 8, 2025

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарлануда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың ІІ тоқсаны.

Елімізде технологиялық шешімдерді енгізу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасуда. Жеке бастама шеңберінде жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл қалалық ұтқырлық пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале