24.04.2026, 14:45
Оқылды: 27

Қазақстанда пойыз билеттері күрт қымбаттауы мүмкін 

Қарыз көлемі 3 трлн теңгеден асып, салаға қысым түсіріп отыр. Қазақстан темір жолы шығынмен жұмыс істеп отыр, бұл жағдай тасымал бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов ҚТЖ-ның тариф саясаты мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Kochi, Kerala, India -March 2, 2021 a train moving with electric support through the indian railway track

Сурет: istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палатаның дерегіне сүйенсек, елдегі жүк айналымының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен тасымалданады. Қазақстан ЕАЭО мен ТМД елдері арасында теміржол тарифтері ең төмен мемлекеттердің бірі саналады. Ал көрші елдерде дәл осындай тасымал құны 2–4 есе қымбат. ҚТЖ-ның жалпы қарызы жаңа несиелерді қосқанда 3 триллион теңгеден асып кеткен.

" Бұл мәселені соза беру ҚТЖ-ның өзіне де, жалпы елдің транзиттік әлеуетіне де айтарлықтай теріс салдар әкелуі мүмкін" , – деп ескертті депутат Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.

Бұқтұғұтовтың айтуынша, тарифтерді жедел реформалау қажеттігін бұған дейін ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де тапсырған болатын.

Еске салайық, бұған дейін сенатор сондай-ақ Қазақстандағы магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейі 57%-ға жеткенін сынға алған болатын. Теміржолдардың тек үштен бірінде ғана қос жол бар. Шамамен 60% станциялар мен айналма жолдар ұзын құрамды пойыздарға бейімделмеген. Ал желінің үштен екісінен астам бөлігі электрмен мүлдем қамтылмаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале