5.12.2022, 17:00
Оқылды: 58

Қазақстанда сотталғандар жоғары оқу орнына түсіп, баспана алу үшін ақша жинай алады

Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар жоғары білім алып, баспанаға қаражат жинай алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек дүйсенбі күні өткен брифингте айтты.

30f48962-bda6-4a5c-87df-c396bdabcde9

"Қазіргі уақытта жергілікті жоғары оқу орындарының көмегімен облыстық білім басқармасымен меморандум жасау мәселесі қарастырылуда. Сабақ оқыту үшін олар сотталғандарға арнап жаңа компьютерлер орнатуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек олар енді баспанаға бастапқы жарнаны жинақтау үшін банктен депозит аша алады", - деп мәлімдеді Тұрлыбек.

Оның айтуынша, қазақстандық банктердің бірімен меморандум жасау аясында сотталғандар өтініш жазу арқылы жеке шотындағы ақшасын депозиттік шотқа аудара алады.

"Бұл сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін тұрғын үй алуға көмектеседі, сондай-ақ олардың бейімделуіне және қайта қылмыс жасауының алдын алуға оң әсер етеді",-  деп түсіндірді Ішкі істер өкілі.

Ішкі істер министрлігі сотталғандар үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және депозит ашу жұмыстары Қазақстанда алғаш рет жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале