25.09.2024, 17:45
Оқылды: 57

Қазақстанда суару маусымында шаруаларға шамамен 11 млрд текше метр су берілді

Қазақстанда суару маусымында шаруаларға шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Бұл – триллиондаған литр. «Қазсушар» филиалдары шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 25 мыңға жуық келісімшарт жасады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.

2F56E45E-BC0E-4942-B948-EB4287883726

Сурет: ОКҚ

«Су тұтыну көрсеткіші жоғары аймақтарға: Қызылорда облысына – 3,5 млрд текше метр, Түркістан облысына – 3,2 млрд текше метрден артық, Жетісу облысына – 1,2 млрд және Жамбыл облысына 1 млрд текше метрден астам су берілді», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Ресми өкіл елімізде 1 сәуірде басталып, қыркүйектің соңына дейін жалғасатын суару маусымы аяқталуға жақындағанын атап өтті.

Құрғақшылық туралы көптеген болжамдарға қарамастан, Су ресурстары және ирригация министрлігі төтенше жағдайдың, суармалы су тапшылығының алдын алып, шаруаларды суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале