ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Фото: KZgovernment
Жиын барысында колледждердің білім беру бағдарламаларын жаңарту, кадрлар даярлау сыныптауышын еңбек нарығының талаптарына сай өзектендіру және мамандарды оқытудың заманауи тәсілдерін енгізу басты міндеттер ретінде белгіленді.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева колледждердің жұмыс берушілермен байланысын күшейтуді, дуальды оқыту жүйесін кеңейтуді және өндірістік практика ұйымдастыру тетіктерін жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар экономиканы цифрландыру, роботтандыру мен инвестициялық жобаларды ескере отырып, қажетті кадрларға тұрақты болжам жасау, колледждердің инфрақұрылымын жаңғырту және саланы реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу міндеттелді.