30.11.2023, 16:00
Оқылды: 77

Қазақстанда «Ұлы дала ағартушылары» электрондық кітапханасы құрылды

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова және тағы басқаларына арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды.

msg-1001309508988-8038

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды кітапханада ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.

Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.

Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.Электрондық кітапхананы https://rnpb.kz/ сайтынан көре аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале