30.01.2023, 13:01
Оқылды: 88

Қазақстанда вахта жұмысшысына төленетін ең жоғары жалақы қандай?

HeadHunter онлайн платформасы Қазақстандағы вахталық әдіспен жұмыстың 2022 жылғы қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG-20230130-WA0003

2022 жылы жалпы ел бойынша бүкіл бос жұмыс орындарының шамамен 4% немесе 20 мыңнан астамы вахталық жұмыс болды.

Вахтамен істейтін қызметкерлерге ең үлкен сұраныс Атырау облысында тіркелді - вакансияның 16% осында. Одан кейін Қарағанды (12%) және Алматы (7%) тұр.

Вахталық жұмыс іздегендер ішінде ең белсендісі Астанада - 27%. Жұмыс іздеуден Алматы, Ақтөбе және Ақтау вахташылары да қалыспайды — түйіндеменің 7-12% осы қалаларға тиесілі.

Вахта қызметкерлеріне ең үлкен сұраныс мына салаларда:

- құрылыс, пайдалануға беру, жобалау

- өндіруші сала

- металлургия, металл өңдеу.

Алайда, басқа мамандық өкілдеріне де жұмыс көп, олар - аспаздар, күзетшілер, күтушілер, бағдарламашылар, дәрігерлер, тіпті сатушыларға да вахталық ұсыныстар бар.

2022 жылы вахта жұмысшысына орта есеппен 350 мың теңге жалақы ұсынылды, бұл - ел бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.

«Ең қымбат» вахта жұмысының рейтингін Атырау мұнай-газ саласындағы жобалау инженері бастап тұр - оған компания 1 600 000 теңгеден аса еңбекақы төлеуге дайын.

Екінші орында - Теңіз кентіндегі кәсіпорында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша менеджер (айлық 1 500 000 теңгеден жоғары).

Үшіншісі - Қарағандыда технологиялық жабдықтар мен құбырларды дәнекерлеуші, жалақысы 1 300 000 теңгеден басталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале