2.03.2022, 15:00
Оқылды: 136

Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайына мониторинг жасалды

Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында барлық өңірде мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220302145144878e

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты биыл ақпанда барлық өңірде әлеуметтік мониторинг жүргізді.

Институт мамандардың айтуынша, әлеуметтік сауалнамаға 18 жасқа толған, барлығы 6800 респондент қатысты.

Қазақстандықтардан азық-түлік пен тауарлардың бағасы, экологиялық жағдай, жолдың сапасы, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік қызметі және жұмыспен қамту салалары бойынша пікірлері алынды.

«Біздің институтта бірнеше жыл болды әлеуметтану бөлімі жұмыс істеп келеді. Биыл біз елдің әлеуметтік жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында «Қоғам келбеті» деген жобаны бастап отырмыз. Бүгін қорытындыланып отырған әлеуметтік мониторинг нәтижесін сол жобаның бастамасы деуге болады. Біздің мамандар алдын сұрақтарды әзірледі. Ол сұрақтар екі мақсатты көздейді. Бірі - елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау, екіншісі - саяси-қоғамдық бағыттағы халық көзқарасын білу», - деді ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.

Әлеуметтік мониторинг ірі қалалар халқымен қатар 185 ауылдық және қала типтес елдімекен тұрғындарын қамтыған.

Және сауалнама face-to-face сұхбат форматында жүргізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале