19.01.2022, 10:00
Оқылды: 59

Қазақстанда "Яндекс. Таксиге" қатысты тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

08D6421F-D46B-40D5-9B20-710BB317A136

"БКО тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушыға қатысты хабарламаларды орындамау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерін тарта отырып, нарықтың 102 субъектісіне қатысты, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулерді бастады. Агенттік жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша "Яндекс.Такси" агрегаторына қатысты қосымша тергеу тағайындады", - деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале