POLISIA.KZ дерегіне сәйкес, Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан ЖСН-ды өзгертуге қатысты ақпаратқа түсінік берді.

Ведомство азаматтардың заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы екенін атап өтті. Алайда министрлік Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) азаматқа тек бір-ақ рет берілетінін және оны өзгертуге мүлде болмайтынын қатаң түрде нақтылады.