10.02.2022, 16:30
Оқылды: 96

Қазақстандағы ақылы жолдардан бір жылда қанша табыс түсті?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда 2021 жылы ақылы жолдардан қанша табыс түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

05

Ведомство мәліметінше, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан - Теміртау", "Нұр-Сұлтан - Щучинск", "Алматы - Қапшағай" және "Алматы - Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 миллиард теңге түскен.

Сонымен қатар, елімізде былтыр 23-қарашадан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: "Тараз - Қайнар", "Шымкент - Қызылорда", "Шымкент - Тараз", "Шымкент - Өзбекстан шеккарасы", "Талдықорған - Қапшағай", "Көкшетау - Щучинск", "Нұр-Сұлтан - Павлодар" автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 миллиард теңге түскен.

"2021 жылы елімізде ақылы жолдарынан түскен қаражат мөлшері 8,1 миллиард теңге болды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале