1.11.2021, 16:10
Оқылды: 89

Қазақстандағы базарлардан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім шығарылды

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 9 айында елдің нарығында сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10

«Биылдың 9 айында мониторинг аясында 22175-тен астам тамақ өнімдерінің сынамалары зерттелді, олардың 2537-сі (11,4%) техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермеді. Таңбалау ережелерінің сақталмауы - 70%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 16,1%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны жаңылыстыратын көрсеткіштер бойынша – 14 пайызды құрады» , - деп хабарлады ведомстводан .

Комитетте атап өткендей, сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,5%, құс етінде – 25,1%, балықта - 12%, май өнімдерінде – 4,3%, сүт өнімдерінде – 10,3%, кондитерлік өнімдерде – 9,9%, нан-тоқаш өнімдерінде – 0,8 %, жеміс-көкөніс өнімдерінде – 3,1%, қапталған ауыз суда, оның ішінде минералды суда – 0,3 %, шырын өнімдерінде – 1,9 %, алкоголь өнімдерінде – 1,1 %, алкогольсіз сусындар - 4,5 %, арнайы тамақ өнімдері – 5,5 %, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - 0,9% және өзге де тамақ өнімдері -10,3%-ын құрады.

Белгілі болғандай, талаптарды бұзудың негізгі үлесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 55,4 %, басқа елдерден 21,8% анықталды. Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі 22% құрады. «Анықталған барлық фактілері бойынша 1246 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20 іс қозғалды, 6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды», - делінген комитет мәліметінде.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале