10.11.2021, 16:00
Оқылды: 111

Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығының себебі аталды

Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы цифрлық майнингке байланысты туындады. Соған байланысты 4 қарашада "KEGOC" АҚ бүкіл республика бойынша электр энергиясын беруді шектеу туралы шешім қабылдады. Шектеу 10 қарашада алынды.

10 қарашадағы сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанның энергия жүйесінде тұрмыстық, әлеуметтік маңызды нысандарға шектеулер жоқ, дейді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

2021111015382460872_2021111015280783666_idi_3679

Электр энергиясын беруді шектеу туралы ақпарат компанияның сайтында 4 қарашада жарияланды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның біртұтас энергетика жүйесінде электр энергиясы мен қуат балансы бойынша күрделі жағдай сақталуда. Бұл электр энергиясын тұтыну қарқынының күрт өсуімен байланысты.

Мәселен, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 2021 жылдың 10 айында электр энергиясын тұтыну оңтүстік аймақ бойынша 11,6%-ға, солтүстік аймақ бойынша 5,7%-ға және батыс аймақ бойынша 7,5%-ға өсті. Максималды жүктеме сағаттарында қуат тұтыну өткен жылғы көрсеткіштен 1500 МВт-қа жоғары, дейді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

Компания шектеу енгізуінің себебін атады. Тұтынудың қалыптан тыс өсуі ең алдымен цифрлық майнинг жүргізетін тұтынушылар үлесінің артуымен байланысты екен.

Сонымен қатар, компания атап өткендей, "Қазір электр станцияларындағы энергия қондырғыларының едәуір бөлігі авария жағдайында және жоспардан тыс жөнделуде ".

Нәтижесінде күн суытқан кезеңде елдің электр станцияларында тұтынудың нормативтен тыс өсуі және аварияның көп болуы электр энергиясын тұтынудың орташа статистикалық жоспарлы көрсеткіштерінен елеулі ауытқуларға алып келеді, бұл өз кезегінде Қазақстан БЭЖ тұрақтылығының бұзылуы мен ірі жүйелі авария туындау тәуекеліне алып келеді, деп қосты "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

"KEGOC" АҚ энергетика жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында "жоспардан тым артық тұтыну болған жағдайда тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін тұтыну режимін енгізеді", деп атап өтті.

Осыған байланысты 4 қарашада жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес, электр энергиясын тұтынуды шектеу жөніндегі іс-шаралар жасалатын болады, деді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

Жарықтың сөнуі проблемасына Қазақстанның бірнеше өңірі, оның ішінде Алматы, Шымкент қалаларының және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының тұрғындары тап болды.

5 қарашада ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков "сұр" майнерлер Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне әсер ететінін мәлімдеді.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале