16.10.2023, 16:29
Оқылды: 46

Қазақстандағы қанша тиран психология көмегіне жүгінді?

Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатқанын және оның қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция ЖП

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің департамент басшысы Руслан Қаржаспековтің сөзінше, полиция жұмысының сервистік моделіне көшу аясында тұрмыстағы тирандарды анықтау және әлеуметтендіру бойынша жұмыс істеліп жатыр.

"Олар өз еркімен "жеке тұлғаны психология жағынан түзеу" бойынша тренингтен өтуге шақырылады. 5 мың отбасы зерттелді. 200 "агрессор" анықталды, олардың тек 70-і психологиялық көмекке жүгінді".Руслан Қаржаспеков

Сонымен бірге Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, агрессор психологиялық курстан өткен отбасыларда тұрмыстық келеңсіздіктер қайталанбаған. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі әзірге үйдегі агрессорлардың тек 17%-ы өз әрекеті үшін жаза алатынын хабарлаған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын түзетулер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәуір айында енгізіліп, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.

19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына (ҚК-нің 106-бабы, ҚК-нің 107-бабы) ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтірумен байланысты "материалдық және басқалай тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау " деген біліктілік белгісі енгізілді.

1 шілдеден бастап ӘҚБтК-ге түзетулер заңды күшіне енді.

1) өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір сигнал бойынша ден қою шаралары қабылданады.

2) тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады.

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

Бір терезе қағидаты бойынша "зорлық-зомбылық құрбаны полициядан, қамқоршылықтан, медиатордан, заңгерден, психологтан, сот орындаушысынан, теологтан және еріктіден көмек ала алады.

Сонымен бірге мына заңнамалық өзгерістер ұсынылады:

1. Қоғамдық жұмыстарды енгізу;

2. Психокоррекциялық тренингтерден міндетті түрде өту;

3. Агрессорды үйден шығару;

4. Алкогольді тұтынуға тыйым салуды және т. б. қорғау ұйғарымымен қарастыру.

"Нәтижесінде тұрмыстық қылмыстардың (2,5% - ға, 668-ден 651-ге дейін), оның ішінде кісі өлтірудің (4% - ға, 76-дан 73-ке дейін) және ауыр қылмыстардың (10% - ға, 264-тен 239-ға дейін) төмендеу үрдісі байқалады".ҚР ІІМ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале