7.03.2022, 12:00
Оқылды: 147

Қазақстандық әйелдердің орташа неке жасы аталды

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстан әйелдері туралы инфографика дайындады.

200312142149731a3624067i

Биылғы жыл басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұрады.

Бұл ретте 6 миллионға жуық әйел қалада, 3,8 миллионы ауылда тіршілік кешіп жатыр. Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 33,5, некеге тұру жасы – 24,8.

Өмір сүру ұзақтығы 75,5 жас. 2021 жылдың 4-тоқсанындағы деректерге сәйкес, әйелдер көбінесе келесі кәсіби салаларда жұмыс істейді: білім беру, бизнес және басқару, сатушылар мен сату қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале