1.05.2023, 12:32
Оқылды: 220

Қазақстандық боксшы Асқат Жантұрсынов UBO тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Асқат Жантұрсынов (6-1, 5 КО) Стамбулда (Түркия) ауыр салмақтағы UBO нұсқасы бойынша Азия чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

pogudx4a5qk0702ca

Суреттің дереккөзі: nur.kz

Асқаттың қарсыласы түркиялық спортшы Сердар Ширин (2-1-1, 1 КО) болды. Жекпе-жекте Жантұрсынов нокаутпен жеңіске жетті.

Еске салайық, қазақстандық спортшы кейінгі жекпе-жегінде әзірбайжандық Сурат Гараевтан (2:0, 1 КО) жеңіліп қалған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале