29.07.2022, 10:45
Оқылды: 177

Қазақстандық командалардың Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық «Тобыл» және «Қызылжар» командаларының UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында қай командалармен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220729102314813e

Енді үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» Босния және Герцоговинаның «Зриньски», «Қызылжар» Кипрдің АПОЭЛ командаларымен кездеседі. Ойындар 4 және 11 тамыз күндері өткізіледі. Петропавлдың «Қызылжары» да сырт алаңда Хорватияның «Осиегін» 2:0 есебімен жеңіп кетті. Алғашқы ойында хорватиялық команда 2:1 есебімен басым түскен болатын. Нәтижесінде қазақстандық клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, «Тобыл» үшінші іріктеу сатысына шықты. Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды. Ал алматылық «Қайрат» Венгрияда «Кашверда» командасына 0:1 есебімен жол берді. Олар алғашқы кездесуде өз алаңында дәл сол есеппен қарсыласына есе жіберген еді. Елордалық «Астана» екі ойынның (0:1 0:4) нәтижесімен Польшаның «Ракув» клубынан жеңілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале