1.02.2024, 10:00
Оқылды: 64

Қазақстандық полицейлер түрік әріптестерімен бірге 8 қылмыскерді ұстады

"Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері түрік әріптестерімен бірге жыл басынан бері алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді Түркияда ұстады", – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Policeman unlocking a handcuffs on the criminal's back.

Фото: www.istockphoto.com

Сонымен қатар қаңтар айында ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерімен іздеуде жүрген 237 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды. Мәселен, 27 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері 1998 жылдан бері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы ер адамды құрықтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале