22.11.2023, 12:45
Оқылды: 41

Қазақстандық шаруалар 17 миллон гектар алқаптан астық жинады

Биыл қазақстандық шаруалар еккен егіс көлемі  24,0 млн гектар болды. Бұл өткен 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық. Оның 7,1 миллион гектары – дәнді-дақыл.

жп дала (5)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, астық жинау Қазақстанның барлық өңірінде аяқталу сатысында тұр.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га болатын 16,9 млн га (99,1%) жиналды. Бастапқы салмағында 16,5 млн тонна астық бастырылған. Оның ішінде – 13,5 млн гектардан 11,5 млн тонна бидай алынған. Өнімділігі гектарына 8,5 центнерден келді.

Сондай-ақ шаруалар 2,2 млн гектардан майлы дақылдар жинады.

Бұл осы дақылдың жалпы көлемінің 78,3%.

Орташа өнімділігі гектарына 8,5 центнер болатын 1,8 млн тонна май тұқымы жиналған.

Оның 845,7 мың га (74%) күнбағыс, орташа өнімділігі 11,2 ц/га болатын 943,2 мың тонна бастырылған.

Ал 182,4 мың гектар алқапқа егілген картоп толық жиналып бітті.

Жалпы көлемі 3,6 миллион тоннаны құраған.

Өнімділігі гектарына 200,4 центнер.

Сонымен қатар 165,3 мың га алаңға егілген өзге де көкөніс дақылдарынан 4,3 миллион тонна өнім алынған.  Өнімділігі гектарына 262,4 центнер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале