«ҚазАқпарат» хабарлауынша, Қазақстан Оңтүстік Кореяның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған Employment Permit System (EPS) рұқсат беру жүйесіне ресми түрде енгізілді.

Фото: QazAqparat_kz
Осыған байланысты қазақстандықтар 2028 жылдан бастап бұл елде ресми түрде жұмыс істей алады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оған дейін екі ел арасында үкіметаралық меморандумға қол қойылып, Қазақстанда корей тілінен тестілеу өткізетін арнайы EPS-TOPIK орталығы ашылады.