6.05.2022, 12:15
Оқылды: 168

Қазақстандықтар Болашақ бағдарламасымен 27 мемлекетте тегін оқи алады

Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 27 мемлекетінде оқи алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың сайтына сілтеме жасап.

220504221722631e

Өткен жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беру географиясы 4 жаңа елмен кеңейген. Оларға Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді.

Сонымен қазақстандықтар төменде аталған елдерде «Болашақ» бағдарламасымен тегін оқи алады: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Дания, Израиль, Ирландия, Испания, Италия, Канада, ҚХР, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Ресей, С ингапур, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Жапония.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале