8.09.2021, 14:28
Оқылды: 102

Қазақстандықтар Футзалдан әлем чемпионатын тікелей эфирде тамашалайды

12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада футзалдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңінің ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

Турнирге 6 топта барлығы 24 команда қатысады. Қазақстан құрамасы А тобында Литва, Коста-Рика, Венесуэла командаларымен ойнайды. Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар мен 3-орын иелегендер арасынан 4 үздік команда шығады.

Топтық кезең 12-20 қыркүйек аралығында өтеді.

Плей-офф 1/8 финалдың матчтарымен 22-24 қыркүйекте басталады. Ширек финалдар 26-27 қыркүйекте, жартылайфиналдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді.

Финал мен үшінші орын үшін матч 3 қазанға жоспарланған.

«Qazsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының барлық ойындары мен Әлем чемпионатының өзге де командалары арасындағы кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді.

Онлайн трансляцияны qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале