«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау мерзімі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды qazaqparat_kz.

Фото: QazAqparat_kz
Үміткерлер өтінішті eGov.kz арқылы онлайн немесе Астанадағы Халықаралық бағдарламалар орталығына барып тапсыра алады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәлім етті.
— Құрметті үміткерлер! «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз, — делінген хабарламада.
Құжаттарды екі тәсілмен тапсыруға болады:
🔹 Онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы:
🔹 Офлайн — «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на жеке келу арқылы.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70., «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.