31.03.2022, 11:30
Оқылды: 100

Қазақстандықтар Ресейге құрлық шекарасы арқылы бара алады

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 656-р қаулысына сәйкес (сілтеме), Қазақстан азаматтары Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы қосымша негіздерсіз еркін кіре алады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

220330155132711e

«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруі тек Ресей-Қазақстан және Ресей-Моңғолия шекараларының құрлықтағы өткізу пункттері арқылы ғана мүмкін.

Ресейдің басқа мемлекеттермен шектесетін құрлық шекарасының өткізу пункттері арқылы кіру әлі де шектеулі және тек белгілі санаттағы азаматтарға рұқсат етіледі (сілтеме)

Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде «Путешествую без COVID-19» мобильдік қосымшасы арқылы коронавирусқа ПТР тестінің теріс нәтижесінің (дайын болған сәттен бастап шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан аспауы керек) болуын растау қажет. Apple құрылғыларына арналған қосымшаның мобильдік нұсқасын сілтеме арқылы, Android құрылғыларына арналған нұсқасын сілтеме арқылы жүктеуге болады.

Назар аударыңыз! Ресейге кірген кезде коронавирусқа теріс ПТР тесті жас ерекшелігіне қарамастан барлық азаматтардан (оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалардан) талап етіледі.

Смартфоны жоқ кішкентай балалармен немесе қарт туыстарымен саяхаттаған жағдайда қосымша құрылғылар қажет емес. Сіздің, сондай-ақ балалар мен қарт туыстарыңыздың ПТР сынақтарының нәтижелерін бір мобильді құрылғыдағы қосымшада біріктіруге болады»,-делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале