16.08.2022, 12:15
Оқылды: 85

Қазақстандықтардың табысы азайып барады

Қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 2 пайызға төмендеді. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Фото дереккөзі: kaz.nur.kz

«2022 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 145 592 (алдын ала деректер) теңге болды. Бұл – 2021 жылғы маусымға қарағанда 12,2 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2 пайызға төмендеді», - деп атап өтеді бюродан.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,1 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,8 пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы шілденің соңына 229,1 мың адамға немесе жұмыс күшінің 2,5 пайызына жетті. Ал, 2022 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 312 124 теңге болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале