Қазақстанның қай жерінде қатты ыстық сақталады?
15 Тамыз 2022

Қазақстанның қай жерінде қатты ыстық сақталады?

Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
15 Тамыз 2022

Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды

15 Тамыз 2022

"Халық көтерген мәселе орындалды ма?"

Көгерісте медпункт жөндеуден өте ме?
15 Тамыз 2022

Көгерісте медпункт жөндеуден өте ме?

Мақсат орындалуы тиіс
15 Тамыз 2022

Мақсат орындалуы тиіс

Аз қамтылған отбасыға коммуналдық үй берілді
15 Тамыз 2022

Аз қамтылған отбасыға коммуналдық үй берілді

Қазақстанға қай елдерден ең көп инвестиция тартылды

Тәуелсіздік жылдарында елге 670 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30

«Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициясының ағыны 11,1 млрд долларды құрап, былтырғы деңгейден 30 пайызға жоғары болды. Елдер арасында инвестициялар көбіне Нидерландыдан тартылды. Биылғы жарты жылда осы елдің үлесі 29,6 пайыз болды. Екінші орында 18,8 пайыз көрсеткішпен АҚШ тұр. Одан кейінгі орындарда Швейцария, Ресей, Ұлыбритания», - деді ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров Тәуелсіздік жылдарында елге 670 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын айтты.

«Бірінші орында 200 млрд доллар көрсеткішпен Нидерланды, ал екінші орында 90 млрд долларға жуық сомада АҚШ, сондай-ақ үшінші орында 55,8 млрд доллар көлемдегі қаржымен Швейцария тұр», - деді Ә. Әбдіқадыров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлішер Әбдіқадыров пандемияның шектеу іс-шаралары жағдайында жаһандық тікелей шетел инвестициялары ағындары 35%-ға төмендегенін айтты.

Биыл Қазақстанға 20 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале