11.11.2021, 14:35
Оқылды: 69

Қазақстанға жеткізілген Pfizer вакцинасы кімдерге салынбайтыны айтылды

Алматыға жеткізілген Pfizer вакцинасы балалар, жүкті әйелдер мен бала босанған әйелдерге арналған. Басқа топтарға салынбайды. Бұл туралы қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

photo_379593

Әсел Қалықованың айтуынша, әзірше басқа топтағы азаматтарда Pfizer вакцинасын салдыру мүмкіндігі жоқ.

"Бүгінде Pfizer вакцинасы үш санатқа жататын адамдарға: 12 жас пен 17 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанынан 42 күн өткен әйелдерге арналған. Басқа топтағы адамдарға бұл вакцина әзірге қарастырылмаған", - дейді Әсел Қалықова ӨКҚ брифингінде.

Еске салайық, кеше, 10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген болатын. Оның ішінде, Алматыға екпенің 46 800 дозасы жеткізілді. Вакцина партиялары бірнеше күн бойы жеткізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале