27.07.2022, 10:30
Оқылды: 88

Қазақстаннан Қырғызстанға дәрілік препараттар заңсыз шығарылмақ болған

Кореяда өндірілген дәрілерді Қазақстаннан Қырғызстанға алып өтпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

3

Фото: kabar.kg

Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілмек болған заңсыз жүк «Ақ Жол-автожол» бақылау-өткізу бекетінде анықталды.

Қазақстан жағындағы өткізу бекетіне 35 жастағы қырғыз азаматы тізгіндеген Mercedes-Benz жүк автокөлігі келген. Машинаны тексеру барысында шекарашылар Кореяда өндірілген дәрі-дәрмектерді - 11196 қаптаманы тапты. Жүргізуші Қазақстаннан Қырғызстанға тауарларды заңсыз әкетпек болған.

Айта кетейік, жүктің препараттарға ілеспе құжаттары болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған жүктің нарықтық құны 5 миллион сомды құрайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале