ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады
8 Тамыз 2022

ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін
8 Тамыз 2022

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк
8 Тамыз 2022

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк

Қамкөңіл  жандарға  қамқорлық  күшейе ме?
8 Тамыз 2022

Қамкөңіл жандарға қамқорлық күшейе ме?

Жаңа тағайындау
8 Тамыз 2022

Жаңа тағайындау

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады
8 Тамыз 2022

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады

Қазақстанның 2045 жылға қарай ядролық қаруды толық жою жоспарын әзірлеуге шақыруы маңызды - министр

Қазақстанның 2045 жылға қарай ядролық қаруды толығымен жою жоспарын әзірлеуге шақыруы ерекше маңызды. Бұл туралы «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220701125339423e

Сурет: ҚазАқпарат

«Ядролық қарудан азат әлем идеясы қазіргі күрделі геосаяси жағдайларда оны жүзеге асыру қиынға соғатынына қарамастан, сыртқы саясатымыздың маңызды элементі болып қала береді. Ядролық және зымырандық арсеналдан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жапқан мемлекет ретінде Қазақстанның ядролық қарусыздану саласында нақты прогресте дегеніне жетуге моральдық құқығы бар», - деді министр.

СІМ басшысы сондай-ақ қырғи-қабақ соғыстан кейінгі әлемдегі ядролық қаруды қолдану қаупінің ең жоғары деңгейіне қол жеткізу тұрғысында (Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институтының баяндамасы сәйкес) Қазақстанның 2045 жылға қарай бұл қаруларды толығымен жою жоспарын әзірлеуге шақыруы ерекше маңызды болып көрінетіндігін баса айтты.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қақтығысушы тараптар үшін өзара қолайлы шешімдерді табу мақсатында диалогқа ашық медиатор - ел беделін лайықты түрде қамтамасыз етті. Бұл жүргізіліп жатқан Сирия аралық реттеу жөніндегі Астана процесінен анық байқалады. 15-16 маусым күндері Нұр-Сұлтанда өткен Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесу Женева келіссөздерінің тоқтатылуы жағдайында Сирия мәселесін реттеудегі «Астана форматының» рөлі тек артып келе жатқанын көрсетті», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале