21.12.2021, 12:10
Оқылды: 55

Қазақстанның 3 әуе компаниясы 2022 жылы субсидияланатын рейстерді орындайды

2022 жылы республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12

Конкурс Түркістанға 10 әуе бағыты, Көкшетау, Петропавл қалаларына 3 әуе бағыттан, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына 2 әуе бағыттары бойынша өтті.

Әуе бағыттарды субсидиялау өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар, бұл ретте коммерциялық негізде орындау үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін әуе бағыттарын тұрақты рейстермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

2022 жылы осы әуе бағыттар бойынша ұшуларды орындауға тасымалдаушылар ретінде «SCAT», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары анықталды. Әуе билеттерінің құны 9-дан 25 мың теңге аралығында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале