ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыспен қамту және телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті» РММ жазды.
