20.01.2025, 11:45
Оқылды: 118

Қазақстанның 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша ұйымдар құрылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында еліміздің 9 өңірінде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

d5ddf3b604b43d80f6ff85e7601548eb_1280x720

Сурет: gov.kz

Атап айтқанда, арнайы мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Осылайша, еліміздегі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.

Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.

«Әкімдіктер жаңадан ашылған арнайы мекемелерге білікті мамандарды тарту мәселесін қарастыруы қажет. Ол үшін мамандардың еңбекақысын көтеру, баспанамен қамту және де тағы да басқа қолдау іс-шараларын енгізген жөн. Бұдан бөлек, мекемелерді арнайы техника және құрал-жабдықмен қамтамасыз ету керек», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале