3.06.2020, 12:02
Оқылды: 115

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері 72 елге экспортталады

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері 72 елге экспортталады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

59019D1B-3E29-4921-A8A6-53095DA66C87

«Министрлік елдің эпизоотиялық және фитосанитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетін экспорттық нарықтар ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. «Орталық-облыс-аудан» қағидаты бойынша ветеринариялық бақылау вертикалы заңнамалық деңгейде қалпына келтірілді, бұл бақылауға жататын өнімдер қозғалысын қадағалауды күшейтуге және өнімнің «егістік алқабынан үстелге дейін» қадағалануын қамтамасыз етуге септігін тигізеді«, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн кездесуде. Оның атап өтуінше, өткен жылы Қытаймен шошқа етіне, сүт өнімдеріне, жүнге қойылатын ветеринариялық талаптар, зығыр тұқымына, бидай ұнына, құрама жемге қойылатын фитосанитариялық талаптар келісілді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытай аусыл мен нодулярлы дерматит бойынша қойған шектеулерді алып тастады. Бұл өз кезегінде қазақстандық ет өнімдері үшін Қытай нарығына мүмкіндік берді. Сондай-ақ союға арналған тірі ірі қара малды, сиыр етін, ұсақ малдың жанама өнімдерін, тағамдық жұмыртқаны Иранға экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар келісілді. »Нәтижесінде қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау көлемі Қытайға 50,5 пайызға, Парсы шығанағы елдеріне 3,2 есеге, Орталық Азия елдеріне 7,4, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 8,2 пайызға ұлғайды. Жалпы, өткен жылы қазақстандық өнімдер әлемнің 72 еліне экспортталды. Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4 пайызға артып, 3,3 млрд.АҚШ долларына жетті«,- деді Сапархан Омаров.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале