15.03.2024, 12:30
Оқылды: 32

Қазақстанның барлық өңірінде «Жер сағаты» экологиялық акциясы басталады

Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық акция аясындағы «Жер сағаты» экологиялық науқаны өтеді. Акцияға «Жер елшілері» - мектеп парламенттерінің өкілдері, эко-белсенділер, экология саласындағы сарапшылар және оқушылардың ата-аналары қатысады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

сагат жп🌱

Шараның мақсаты-балалар мен жастардың санасына эко-белсенділік және экологиялық мінез-құлық идеяларын сіңіру, экологиялық мәдениет дағдыларын дамыту.

«Жер сағаты акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Ол барлық адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Шара аясында климаттың өзгеруіне байланысты адамзатты электр энергиясын тиімді пайдалануға шақыру мақсатында әлемдік маңыздағы сәулет ескерткіштері мен ғимараттары өз жарықтарын өшіреді. Сондай-ақ жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары және мемлекеттік мекемелер, коммерциялық ұйымдар электрден бір сағатқа бас тартады», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Раиса Шер.

Акция шеңберінде Қазақстанның барлық өңірінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады:

▫️ Абай облысында «Үздік экологиялық қолөнер» көрмесі;
▫️ Ақтөбе облысында табиғат туралы поэзия кеші;
▫️ Ақмола облысында «Климаттық киномарафон»;
▫️ Алматы облысында Өнер мектебі оқушыларының «Табиғатты қорғайық» атты көлеңкелі театр спектаклі;
▫️ Атырау облысында Абай атындағы орталық асфальтта суреттер көрмесі;
▫️ Батыс Қазақстан облысында «ROBOLAND-2024» - «Қазіргі әлемдегі Экороботтар» инновациялық технологиялар мен робототехника фестивалі;
▫️ Шығыс Қазақстан облысында электр қуатынсыз дайындауға болатын тәттілер мен сусындар ұсынылатын фуд-корт;
▫️ Жамбыл облысында отшашулар мен жарықдиодты шамдардан флеш-моб;
▫️ Жетісу облысында ҚазЭкоПатруль спикерлерінің қатысуымен «Экологиялық сауаттылық» тренингі;
▫️ Қарағанды облысында жас натуралистер арасында «Балалар қолы ғажайыптар жасайды» конкурсы;
▫️ Бидегі Нейрографика: Қостанай облысында жабайы табиғат дыбыстарына арналған би қимылдары;
▫️ Маңғыстау облысында экологиялық тақырыптағы көңілді квест ойындары;
▫️ Павлодар облысында табиғат аясында неон шамдармен көмерілген поэзия кеші өтеді. Мұнда оқушылар проза, поэзия тілінде өздерінің табиғатқа деген сүйіспешілігін жеткізеді;
▫️ Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық тақырыптағы зияткерлік ойын;
▫️ Түркістан облысында алау жанында ән айту кеші;
▫️  Ұлытау облысында «Табиғатпен Селфи» фотогалереясының таныстырылымы;
▫️ Шымкент қаласында оқушылар «Менің жеке ағашым» атты бастамамен көшеттер отырғызады;
▫️ Астана қаласында «Жер сағаты» Бүкіләлемдік акциясына орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.

Сонымен қатар еліміз бойынша «Бұл біздің - Қазақстан» марафон флешмобы және «Жер сағаты»: «Ең үлкен сағат - біз және болашақ үшін!» ұранымен 1 сағатқа электр қуаты ажыратылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале