6.01.2023, 14:45
Оқылды: 113

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, жаңбыр жауып, көктайғақ болатыны болжанды

6 қаңтарда Астанада және еліміздің 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
5

Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Абай облысында күн райы жауын-шашынды, облыстың орталығында, солтүстігінде қалың қар түседі деп күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Семейде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында күн райы жауын-шашынды, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады деп күтіледі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өскеменде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағандыда жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде боран ұйытқиды, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан, оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 16 м/с.

Түнде Маңғыстау облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасының күрт жылынуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

Павлодар облысында боран ұйытқиды. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады, ал өңірдің солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 23 м/с жетеді. Павлодарда көктайғақ болады, түнде және таңертең боран соғады деп күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстік-батысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарда тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста  23-28 м/с жетеді. Таразда тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 23-28 м/с жетеді.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының тауларында қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман түседі. Таулы аудандарда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале