«Тәрбиелі ұрпақ – келешегі кемел мемлекет»
25 Маусым 2022

«Тәрбиелі ұрпақ – келешегі кемел мемлекет»

Суға кеткен баланың мүрдесі табылды
25 Маусым 2022

Суға кеткен баланың мүрдесі табылды

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан бақтарын сынауда
25 Маусым 2022

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан бақтарын сынауда

Теректіде «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті
25 Маусым 2022

Теректіде «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті

Маңызды мәселелер талқыланды
25 Маусым 2022

Маңызды мәселелер талқыланды

«Тәртіп орнаса, жүйе де болады»
25 Маусым 2022

«Тәртіп орнаса, жүйе де болады»

Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері құрметті атағы белгіленбек

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы белгіленбек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Осы айда ол ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, заң жобасында Қылмыстық кодекстің 317-бабының қылмыстық нормаларын ізгілендіру көзделген. Яғни, айыппұл санкциялары жеңілдетіледі. Соттың қарауына бас бостандығын шектеу бойынша балама енгізіледі. Бас бостандығынан айыру мерзімдері қысқартылады

«Және де осы заң жобасы бойынша медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін кәсіптік жауапкершілікті арттыру, оларды сақтандыру көзделеді. Сонымен қатар білімді, еңбек сіңірген дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын белгілеу қарастырылған», - деді Ажар Ғиният.

Осыған дейін дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға артатыны хабарланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале