• Басши (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы);
• Торайғыр (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы);
• Берел (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы);
• Коробиха (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы);
• Имантау (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы).
2025 жылы бұл байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетсек, Қазақстанның ауылдық туризмі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Мысалы, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының беделді «Best Tourism Villages by UN Tourism» марапатына ие болып, әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың қатарына кірді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетті. Ел ішінде саяхаттаушылар саны да, шетелден келетін туристер ағыны да артты.
