11.01.2023, 12:45
Оқылды: 49

Қазақстанның жаңа министрлері ант қабылдады

Жаңа министрлер Зүлфия Сүлейменова, Асхат Оралов, Азамат Есқараев, Марат Қарабаев және Ғани Бейсембаев ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20230111-WA0007

Жаңа мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова, білім министрі Ғани Бейсембаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев және әділет министрі Азамат Есқараев Үкімет отырысында ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында бар күш-жігерімді және білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін", - деді министрлер.

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов жаңа министрлерге табыс тіледі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале