28.05.2021, 9:21
Оқылды: 303

Қазақта сөз қалған ба, айтылмаған...

«Жасым 70-тен асып барады. Алға қарап үміттенетін, кейінге қайырылып,  шүкірленетін жастамын, жамағат. Осы жасымның өзімше, әбден болып-толған кезінен бастап, ақыл-санам, көрген-білгенім, түйгенім дегенім ғой, есті сөз естісем, жалт қарайтын, мағынасы терең тәмсіл құлағыма шалынса, құлай кететін әдет таптым. Ордалы ойлар тұнған жазуларды көзім шалса, түртіп алуға, болмаса, санама құйып алуға, сөйтіп жинай беретін әдет қалыптастырдым. Бүгінде ондай естіген, құлағым шалған, қағазға түсіріп алған қазақтың небір жауһар сөздері жеке мұрағатымда біраз жиналып қалыпты. Солардың бірқатарымен өздеріңмен «Орал  өңірі» газеті арқылы  бөліскелі отырмын. Бұл – менің сөзім емес, ғасырлар асып келе жатқан халықтың сөзі. Халықтың өзіне қайтарамын. Әсіресе, жас ұрпақ қажетіне жаратса, менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің зая кетпегені. Алдағы  уақытта да бұл қазынамен бөлісіп отыруға даярмын», - дейді Мақсот Берген.

ммм

Ендеше, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Сырым ауданы және Орал қаласының құрметті азаматы Мақсот Бергеннің ел аузынан жинаған материалдарын облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №43 санындағы «Қазақта сөз қалған ба, айтылмаған...» атты топтамадан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале