25.09.2023, 12:15
Оқылды: 39

Қазақтар Пугачевты неге қолдады?

Біле жүріңіз!

Е. Пугачевтың патша үкіметіне қарсы көтерілісі Кіші жүзде болғаны және оны қазақтардың қолдағаны енді ғана жазыла бастаған тарихымыздың бірі.жп дала

Жалпы Е. Пугачев көтерілісін үш кезеңмен қарастыруға болады. Оның алғашқысы 1773 жылдың қыркүйек айы мен 1774 жылдың наурыз айы аралығы. Бұл кезде Пугачевтың үндеулері Кіші жүз қазақтарына тарап, қазақтар көтеріліске стихиялық бағытта тартыла бастайды.

Екінші кезеңі 1774 жылдың наурыз және қараша айының соңғы апталары. Бұл кезде Кіші жүз қазақтарының Пугачевты қолдап сұлтандар мен батырлардың қол астына жинала бастауы.

Ал үшінші кезеңі 1775 жылдың қыркүйек айынан 1776 жылдың ақпан айына дейінгі кезең. Бұл аралық қозғалыстың бәсеңдеуі және Пугачевтың тұтқынға алынуы.

Пугачев көтерілісі Кіші жүз қазақтары руларының барлық буынынан қолдау тапты. Өйткені, қазақтар Пугачевты азат етуші ретінде көрді.

Кіші жүздің ханы Нұралы, сұлтандар Ералы, Досалы, Айшуақтар көтерілісті қолдап Зәбір молда бастаған елшілерін Пугачевке жібереді.

1773 жылдың қараша айының 17-ісінен 18-іне қараған түнінде Нұралының арнайы өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңындағы Пугачев жасағына барып, көтерілісті қолдайтындарын білдіріп, Нұралы хан жіберген арнайы сыйлықты табыс етеді.

Осы тұста ІІ Екатерина кіші жүз ханы Нұралыға арнайы «Грамота» жіберіп, Пугачевты қолдамауын талап етті.

Е.Пугачевтың Жайық бекінісін қоршаудағы сәтсіздігі, көтерілісшілерді үрейлендіріп, оның соңы қолдаушылардың өз беттерімен тарап кетуіне және көтерілістің жеңілуіне соқтырды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале