9.12.2022, 12:00
Оқылды: 106

Қазіргі газ бағасын ұстап тұру тағы 6 айға ұзартылмақ

Сұйытылған газдың қолданыстағы шекті бағасын 2023 жылдың шілдесіне дейін қалдыруды көздейтін бұйрық жобасы талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG_20221209_114522

Сурет: ҚазАқпарат

Құжат қабылданса жанар-жағармай стансаларындағы сұйытылған газдың бағасын реттеу тетігі 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзармақ.

Қазір қолданылып жүрген 5 шілдедегі бұйрық бойынша, сйұытылған газдың шекті бағасы Астана үшін литріне 70 теңге, Алматы үшін 65 теңге және өңірлер үшін 50-ден 75 теңгеге дейін деп белгіленген.

Өңірлердегі бағаға жеке тоқталсақ, солтүстіктегі шалғай аудандарда баға 75 теңгеден, батыстағы мұнай мен газға бай аудандарда 50 теңгеден бекітілген.

2023 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болған. Енді оны тағы 6 айға ұзарту ұсынылып отыр.

Құжат 12 желтоқсанға дейін көпшілік талқылауында болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале