30.05.2022, 15:30
Оқылды: 94

«Қазсушар» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалына ұсынылған тариф жобасынан 75% - дан астам төмендетілген тариф бекітілді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті заңнамаға сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін, «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Батыс Қазақстан филиалы Жаңақала топтық су құбырының магистральдық және тарату желілері бойынша су беру қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаны 994,57 теңгеге және 75,46%-ға төмендете отырып бекіту туралы шешім қабылдады.

FA3886DF-EDEA-4752-A10B-012F132656B6

Тариф жобасын монополист 1318,0 теңге/1 м3 мөлшерінде ұсынды.

Бұл ретте ТМРКД тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тариф жобасына мұқият талдау жүргізе отырып, шығындардың кейбір баптарын қысқартты және 2021 жылға арналған есептеуге және фактілерге сәйкес шығындарды қабылдады.

Яғни, монополист үшін тариф ұсынылған жобадан 75,46% - ға төмендетіліп бекітілді және 2022 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1 м3 үшін 323,43 теңге мөлшерінде айқындалды.

«Қазсушар» ШЖҚ РМК БҚФ Жаңақала топтық су құбырының бекітілген тарифі 2023 жылдың 1 маусымына дейін 12 ай бойы әрекет етеді.

Алмас Отаров,

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды

реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы

бойынша департаментінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале