28.01.2020, 17:47
Оқылды: 376

Казталов ауданында снарядтар табылды

Қаңтардың 26-сы күні Казталов ауданының кезекші бөліміне ауыл тұрғыны, «Қазақия» ЖШС қорықшысы Жас ауылынынан 3 шақырым жердегі Сарышанақ қыстағының аумағында авиациялық жарылғыш затқа ұқсас снаряд тапқаны туралы хабар береді.

qaztalov snaryd (5)

Снарядтың ұзындығы – 150 см, диаметрі – 40 см. Сондай-ақ Казталов аудандық полиция қызметкерлері аталған жарылғышты және аумағын тексеру барысында дәл осындай тағы бір снаряд тапты. Ұзындығы мен диаметрі де бірдей.

qaztalov snaryd (1)

Қазір қауіпсіздік шаралары қолданылып, қоршау қойылды.

qaztalov snaryd (2)

Снарядтар арнайы саперлар мен мамандардың көмегімен жойылады.

qaztalov snaryd (4)

БҚО ПД баспасөз қызметі 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале