17.07.2024, 9:50
Оқылды: 194

Келелі мәселелер кеңесте талқылануда

Дәл қазір Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп жатыр.

20240717_092525

Аппараттық кеңеске Орал қаласы және аудан әкімдері қатысып отыр. Кеңестің күн тәртібіне биылғы жылдың І жартыжылдығындағы БҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, бюджеттің атқарылуы және кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қойылған.

20240717_092443

Кеңес барысында сала мамандары атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.

Баяндамашы БҚО қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиев облыс әкімінің "қай басқармалар қаржыны уақтылы игере алмай, нәтижесінде келесі айларға кері жылжытып отыр?" деген сұрағына, "үнемі жылжытып отырған құрылыс, энергетика басқармалары" деп жауап берді.

20240717_092450

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев игерілмеген қаржыға қатысты шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале