20.12.2023, 17:00
Оқылды: 67

Келесі жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келесі жылы орташа зейнетақы мөлшері қанша болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

9a4d3831-846a-418d-82a0-5e6b433e74a6

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Бізде базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді. Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60% дейін артты. Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Оған қоса, инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерге индекстеу 7%-ға, жалпы 9%-ға жүргізіледі», - деді Светлана Жақыпова.

Еңбек министрінің айтуынша, қазақстандықтардың өткен жылғы орташа зейнетақысы 120 мың теңге болса, келесі жылы – шамамен 130 мың теңге болады.

Сонымен бірге 1 қаңтардан бастап, зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге 208 мың теңгеге дейін арнайы төлемақы төленеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале