20.12.2019, 14:39
Оқылды: 57

Келесі жылы мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері өседі

2020 жылдың қаңтарынан мүгедектік бойынша жәрдемақы 5 пайызға артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

aksha

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобы мен себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда - асырауындағы адамдар санына және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты болад, деп жазады ҚазАқпарат.
«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5 пайызға артатын болады. Мысалға, келесі жылдан бастап жалпы аурудан мүгедектікке берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты 32 431 теңгеден 59 872 теңгеге дейін болады», - делінген министрлік мәліметінде.

Бұдан бөлек, асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты 26 818 теңгеден 65797 теңгеге дейін болады. Сонымен бірге, жетім балаларға әрқайсысы үшін 36 796 теңгеден беріледі, бірақ отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 7 пайызға өседі, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға ұлғаяды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңге болады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале