27.05.2026, 20:00
Оқылды: 4

Асқар Шайхиевті еске алу турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды

Оралда Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ашық республикалық турнир басталды.

WhatsApp Image 2026-05-27 at 20.01.22

«Жайық арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған байрақты бәсеке — қазақ спортының тарихында өзіндік орны бар даңқты спортшы Асқар Шайхиевтің жарқын есімін ұлықтауға арналған тағылымды турнир. Ашылу салтанатында оның спорттағы сара жолы, ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғаған ерлігі мен жас буынға қалдырған өнегесі кеңінен айтылды.

Ширек ғасырлық тарихы бар турнир соңғы екі жылдан бері дзюдо күресінен ұйымдастырылып келеді.

Биылғы жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасынан келген 200-ден астам спортшы қатысуда. Жалпы саны 16 команда жиналған дода дзюдо спортының дамуына серпін беретін маңызды жарыстардың біріне айналды.

Турнирдің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Айбек Имашев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, дзюдодан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Елдос Жұмаханов, БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев  және самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменов қатысты.

WhatsApp Image 2026-05-27 at 20.01.21 (5)

WhatsApp Image 2026-05-27 at 20.01.21 (3)

– Асқар Шайхиев – боз кілемде топ жарған чемпион ғана емес, қайсарлық пен рухтың, еңбек пен ерліктің символына айналған азамат. Оның жеңіске деген жігері, ел намысын бәрінен биік қойған өр мінезі жас буынға әрдайым үлгі. Осындай арда азаматты ұлықтау — ел рухын асқақтатып, жас спортшыларға үлкен жігер сыйлайтын маңызды тағылым. Екі жылдан бері бұл бәсеке еліміз бен алыс-жақын шетелден келген дзюдошылардың басын қосуда. Осы жарыс жеңімпаздарына ҚР спорт шебері атағы беріледі. Бұл да палуандарға ерекше жігер береді. Ендеше жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін. Бабы мен бағы келіскен шын мықты жеңіске жетсін, – деді облыс әкімі.

Жарыстың салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Айбек Имашев мұндай турнир өңір ғана емес, ел спорты үшін де маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан дзюдо федерациясының атынан Батыс Қазақстан облысының әкіміне алғысхат табыстады.

WhatsApp Image 2026-05-27 at 20.01.21 (2)

Салтанатты ашылу рәсімінен соң палуандар медаль таласына түсті.

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша:

48 келі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасында

1-орын – Айдана Хасенқызы (Маңғыстау облысы)
2-орын – Аяна Дүйсенбай (Атырау облысы)
3-орын – Жанар Қақбаева (Қостанай облысы)
3-орын – Әсем Бисенғалиева (БҚО)

52 келі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасында

1-орын – Аружан Адасхан (Жамбыл облысы)
2-орын – Гауһар Бақтияр (Атырау облысы)
3-орын – Гүлназ Қуаныш (Қостанай облысы)
3-орын – Яна Бровко (Қостанай облысы)

57 келі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасында

1-орын – Нұрайлым Сәрсенбек (Ұлытау облысы)
2-орын – Әбілқасым Арузан (Қызылорда облысы)
3-орын – Аружан Алмағамбетова (Қызылорда облысы)
3-орын – Рамина Акчунина (Ақтөбе облысы)

63 келі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасында

1-орын – Дана Абдирова (Атырау облысы)
2-орын – Валерия Постникова (Қарағанды облысы)
3-орын – Гүлнұр Баханова (Ақтөбе облысы)
3-орын – Дарья Бондарь (Қостанай облысы)

WhatsApp Image 2026-05-27 at 20.01.21

60 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында

1-орын – Темірлан Меңдіғалиев (БҚО)
2-орын – Абай Жанәділ (БҚО)
3-орын – Рамазан Хузиахметов (Шымкент)
3-орын – Жасар Жақсылық (Маңғыстау облысы)

66 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында

1-орын – Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)
2-орын – Әділет Жолекеш (Маңғыстау облысы)
3-орын – Нұрсұлтан Жұбатқан (Маңғыстау облысы)
3-орын – Ердәулет Бозша (Қызылорда облысы)

73 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында

1-орын – Дастан Жұмажанов (Қарағанды облысы)
2-орын – Мәди Жеткерген (Ақтөбе облысы)
3-орын – Тайман Нұрғалиев (БҚО)
3-орын – Ернұр Кеңесхан (Алматы)

WhatsApp Image 2026-05-27 at 20.01.20 (1)

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале