27.05.2026, 10:30
Оқылды: 8

Сырымдағы айт айшығы

Бүгін сырымдықтар Жымпитыдағы орталық мешітте Айт намазын оқыды.
IMG_1488
Мұсылман әлемі үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен аудан тұрғындарын бас имам Нұрәлім Қисметов құттықтады.
Құрандағы «Кәусар» сүресінің: «…Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал» деген аяты, екі дүниенің нұры Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім құрбан шалатын мүмкіндігі бола тұра шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын» деген хадисі мүміндерді берекелі амалға құлшындырады.
IMG_1484
Расында, Құрбан айттың хикметі – адамның өзінің малын өзі сойып жеуінде емес, барын бөлісуге, Алла берген ризығынан Алла жолында жұмсауға тәрбиелеуде.
Бас имам құрбандыққа жарамды түліктерді, сонымен бірге мал сою кезіндегі санитарлық талаптар туралы айтты.
Намаздан кейін құтпа оқылып, жамағатпен бірге дұға жасалды.
Мешіт ауласында Айт мерекесіне орай киіз үй тігілді. Халық арасында ұлттық спорт түрлері – садақ ату, асық, қол күресі мен қазақша күрестен, арқан тартудан сайыстар өтуде.
Орталық мешіт мүбарак күннің құрметіне балаларға тәттілер таратты.
Б. Шерім,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале